Түркі академиясының басшысы Шаһин Мустафаев Өзбекстанның "Дустлик" орденімен марапатталды

2022-12-03 20:41:09 59

2 желтоқсанда Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясының президиум отырысында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің тиісті Жарлығымен марапатталған Түркі академиясының президенті, академик Шаһин Мустафаевқа "Дустлик" орденін тапсыру рәсімі өтті.

Іс-шарада сөйлеген сөзінде Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясының президенті, академик Иса Габиббейли Әзербайжан мен Өзбекстан арасындағы достық, бауырластық байланыстардың Түркі әлемі үшін маңызы зор екенін және әлемдік қоғамдастық үшін үлгі болып табылатынын атап өтті. Ол байланыстардың жоғары деңгейі Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев ашқан кең ауқымды ынтымақтастық мүмкіндіктерінің арқасында екенін атап өтті.

Ол академик Ш.Мустафаевты Өзбекстанның "Дустлик" орденімен марапатталуы оның ұзақ жылдар бойы Әзербайжан мен Өзбекстан арасындағы ғылыми және мәдени байланыстарды орнату мен дамытуға сіңірген еңбегінің жемісі екенін айтты.

Сөзінің соңында И. Габбибейли академик Ш.Мустафаевқа Түркі академиясының президенті ретінде түркі мемлекеттері арасындағы ғылыми интеграцияны тереңдету жолындағы алдағы қызметіне табыс тіледі.

Өзбекстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахром Ашрафханов Ш.Мустафаевты Түркі академиясының басшысы болып тағайындалуымен құттықтап, Президент Шавкат Мирзиеевтің 2022 жылғы 30 тамыздағы Жарлығына сәйкес Өзбекстанның "Дустлик" орденін табыс етті.

Өз кезегінде Ш.Мустафаев Өзбекстан президенті Ш. Мирзиёевке жоғары марапат үшін зор ризашылығын білдірді. Ол Самарқандта ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық Орталық Азия зерттеулер институтының директоры болып жұмыс істей жүріп, Өзбекстанның көптеген ежелгі қалаларына барып, бауырлас өзбек халқының қонақжайлылығы және мәдениетімен жақын танысқанын атап өтті.

Академия басшысы бауырлас елдер арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейіне тоқталып, оның екі ел президенттері Ильхам Әлиев пен Шавкат Мирзиёев жүргізіп отырған бауырластық пен ынтымақтастық саясатының арқасы екенін айтты. Сондай-ақ, ол өзбек тарихнамасына және Әзербайжан мен Өзбекстанның ғылыми қоғамдастықтары арасындағы тығыз байланысты дамытуға зор үлес қосқан көрнекті шығыстанушы академик Зия Буниятовтың рөлін ерекше атап өтті.

Ол Түркі академиясының президенті ретінде алдағы уақытта Өзбекстанмен ғылыми байланыстарды өрбітуге ықпал ететінін жеткізді.

Шарада сөз алған тарих ғылымдарының докторлары Солмаз Рустамова-Тохиди мен Ирада Багирова академик Ш. Мустафаевтың мол ғылыми-ұйымдастырушылық тәжірибесіне сөз қозғап, жаңа қызметінде сәттілік тіледі.