Академия басшысы Халықаралық Түркі мәдениеті және мирас қорының президентімен кездесті

2022-12-01 20:48:26 47

1 желтоқсанда Халықаралық Түркі академиясының президенті Шаһин Мустафаев Халықаралық Түркі мәдениеті және мирас қорының президенті Гүнай Эфендиевамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Түркі академиясы мен Қор арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жолдарын, сондай-ақ алдағы уақытта бірлесіп жүзеге асыратын жобаларды талқылады.

Қор президенті Г.Эфендиева Ш. Мустафаевты 2022 жылдың 11 қарашасында Самарқанд қаласында өткен IX ТМҰ Саммитінде Түркі академиясының президенті болып тағайындалуымен құттықтап, жаңа жауапты қызметіне табыс тіледі. Ол Қордың түркі мәдени мұраларын қорғау және насихаттау бағытында жүзеге асырып жатқан жобаларына тоқталып, екі ұйымның белсенді және жемісті қызметі түркі мемлекеттері мен халықтарының тығыз ынтымақтастығына зор септігін тигізетінін атап өтті.
Өз кезегінде Академия басшысы Ш. Мустафаев Г. Эфендиеваға жылы қабылдауы мен құттықтау үшін ризашылығын білдіріп,  әріптестік аясындағы жұмыстарды жалғастыратынын атап өтті.