Академия президенті Әзербайжанның Мәдени мұраны қорғау, дамыту және қалпына келтіру мемлекеттік қызметінің басшысымен кездесті

2022-11-25 20:16:29 41

24 қарашада Халықаралық Түркі академиясының президенті, профессор Шаһин Мустафаев Әзербайжан Республикасы Мәдениет министрлігі жанындағы Мәдени мұраны қорғау, дамыту және қалпына келтіру мемлекеттік қызметінде болып, ұйым басшысы Азад Джафарлимен кездесті.

Кездесу барысында екі ұйымның қазіргі жобалары мен алдағы уақытта өзара ынтымақтастықты арттыру мүмкіндіктері талқыланды.

Академия басшысы Ш. Мустафаев Түркі академиясының ұйымға мүше елдердің тарихи-мәдени мұрасын зерттеуге ғылыми-сараптамалық қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Ол осы салада бірлескен бағдарламаларды бастау мен жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталып, Жібек жолы тақырыбына қатысты жобалардың әлеуетіне тоқталды.

Өз кезегінде А. Джафарли Әзербайжандағы тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау мен қалпына келтіруге қатысты қазіргі жобаларға тоқталып, Халықаралық Түркі академиясы және түркі мемлекеттерінің тиісті мемлекеттік ұйымдарымен аталған саладағы байланысты нығайтуға ниетті екенін жеткізді.