Халықаралық байланыстар

Түркі академиясы халықаралық ұйымы бүгінге дейін көптеген ғылыми-зерттеу институттарымен, түркологиялық орталықтармен байланыс орнатып, меморандум бекітті.

Әріптестік байланыс орнатылған ұйымдардың қатарында Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясы (www.science.gov.az), Қырғыз Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы (www.nas.aknet.kg), Түркия Ғылым академиясы (www.tuba.gov.tr), Түрікменстан Ұлттық Ғылым академиясы (www.science.gov.tm), Татарстан Республикасы Ғылым академиясы (www.antat.ru), Башқұртстан Республикасы Ғылым академиясы (http://www.anrb.ru), Моңғолия Ұлттық Ғылым академиясы (www.mas.ac.mn), Венгрия Ғылым академиясы (www.mta.hu) және Бішкектегі Халықаралық Ш.Айтматов академиясы бар. Сонымен қатар, аталған ғылым академияларына қарасты бірқатар зерттеу институттары да Халықаралық Түркі академиясымен серіктестік жөніндегі шарттарға қол қойған. Атап айтқанда, 2015 жылғы 5 қазанда Түркі академиясының ұйымдастыруымен Астанада түркі әлемі әдебиет институттарының басшылары бас қосып, көпжақты ынтымақтастық бойынша келісім жасады.

Айта кету керек, Академияның халықаралық байланыстары түркі тілдес елдермен ғана шектелмейді. Бүгінде штаб-пәтері Брюссельде орналасқан Халықаралық академиялар одағының (UAI) мүшесі болып саналатын ұйым Ресей Федерациясында және Азия мен Еуропаның бірнеше еліндегі іргелі ғылыми орталықтармен ынтымақтастық жөнінде келісімдер жасаған. Атап айтқанда, Оңтүстік Корей Республикасының Солтүстік-Шығыс Азия тарих қоры, ЮНЕСКО жанындағы Көшпенділер өркениетін зерттеу орталығы, Ислам Ынтымақтастық Ұйымы жанындағы Ислам тарихын, мәдениеті мен өнерін зерттеу жөніндегі халықаралық зерттеу орталығы (IRCICA), Ресейдің Этнография музейі, Ресейдің Орталық ғылыми кітапханасы, Ресей Ғылым академиясының Шығыстану институты, тағы басқа көптеген мекемелер Академиямен тұрақты ғылыми байланыстар орнатқан. Сонымен қатар, Академия Исламдық білім, ғылым және мәдениет ұйымына (ISESCO) бақылаушы мәртебесін алған алғашқы халықаралық ұйым.

Сондай-ақ, Түркі академиясы халықаралық ұйымының Түркі әлемі Ұлттық Ғылым академиялары одағының Хатшылығы міндетін атқаруы халықаралық ғылыми ынтымақтастықтағы және түркі дүниесі ғылым-білімін үйлестірудегі маңызды тетік саналады.

Түркі академиясы халықаралық байланыстарының маңызды бір бағыты – тәжірибелі ғалымдармен тікелей әріптестік байланыста болып, олардың зерттеу еңбектеріне қолдау көрсету. Бүгінде Академия 100-ге тарта шетелдік белгілі түрколог ғалымдармен бірлесіп, көптеген ауқымды жобаларды жүзеге асыруда.

Алдағы уақытта Түркі академиясы халықаралық ұйымы ғылым және білім саласындағы жаһандық байланыстарының аумағын кеңейте түсетін болады. 

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Александр Васильевич Адрианов
Түрколог-жаратылыстанушы, тарихшы-археолог,физика-математика ғылымдарының кандидаты