Жаңалықтар

Өзбекстан Тәуелсіздік күнін тойлауда

736

  1 қыркүйек - Өзбекстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Өзбекстандықтар бұл мейрамды кеңінен атап өтіп жатыр.

  Өзбекстан президенті мен халқын Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан презиенті Сооронбай Жээнбеков, Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов және өзге де алыс-шақын шетелдердің мемлекет басшылары құттықтады.

  Өзбекстан 1991 жылы 31 тамызда президент Ислам Кәрімовтың   бастамасымен тәуелсіздігін жариялаған болатын. Сол күні Өзбек КСР-і Жоғарғы кеңесінің Ташкенттегі кезектен тыс сессиясында «Өзбекстан Республикасының тәуелсіздігін   жариялау туралы» қаулы мен   «Өзбекстан Республикасы тәуелсіздігінің негіздері туралы» заң қабылданған болатын. Аталған қаулының нәтижесінде Өзбек КСР-і «Өзбекстан Республикасы» болып аталды. 1 қыркүйекті Тәуелсіздік күні ретінде атап өту туралы   шешім де сол күні   қабылданған еді.


  Өзбекстан тәуелсіздіктің 27 жылын толайым табыстармен қарсы алды. Ташкенттегі «Узбекистон» халықаралық форумдар сарайныда өткен салтанатты жиында сөз сөйлеген президент Шавкат Мирзиёев соңғы жылдары халықтың жағдайы жақсара түскенін атап өтті. Биыл өзбекстандықтардың нақты табысы 12 пайызға өсіпті.

  Тәуелсіздік күніне арналған шаралар Өзбекстанның түпкір түпкірінде атап өтілуде. Тек Ташкенттің   өзінде 15 саябақта   мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылған. Кешке мейрамға орай от шашу ұйымдастырылады.

  Естеріңізге салсақ, Өзбекстан Орталық Азиядағы түркітілдес мемлекет.Жер көлемі 447 мың 400 шаршы шақырым, халқының саны 32 млн 900 мың адам. Ел астанасы-Ташкент қаласы.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Саул Менделевич Абрамзон
учёный-этнограф, тюрколог, кандидат исторических наук