Жаңалықтар

Академия басшысы ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия отырысына қатысты

3640

Бүгін Түркі академиясы xалықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дарxан Қыдырәлі Қызылорда қаласында басталған Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының сараптамалық кездесуіне қатысты.

Материалдық емес мәдени мұраларды қорғау жөніндегі ұлттық комитет пен Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған басқосуда адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының көрнекі тізіміне «Қорқыт ата мұрасын» енгізу үшін көпұлттық өтінім беру мәселесі қаралды.

Келелі отырысқа ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының бас хатшысы Әсел Өтегенова, Әзербайжан, Қырғызстан мен Түркия елдерінің ұлттық комиссия басшылары мен өкілдері, материалдық емес мәдени мұраларды қорғау жөніндегі ұлттық комитет мүшелері, сондай-ақ ғалым-сарапшылар қатысты.

Жиында сөз алған TWESCO басшысы түбі бір түркіге ортақ Қорқыт атаның Түркі әлеміндегі орны жөнінде баяндама жасап, ол қалдырған мұраның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енуіне тиісті қолдау көрсететінін айтты. Сонымен қатар, тұғырлы тұлғаны насихаттауда Академия атқарып жатқан халықаралық іс-шаралар жөнінде дерек беріп өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Академия «Қорқыт ата кітабының» Дрезден нұсқасының жарияланғанына 200 жыл толуына орай алғашқы халықаралық жиынды 2015 жылдың сәуір айында Париж төрінде өткізген еді. «Қорқыт мұрасы және Түркі әлемі» атты ол мәдени шара ЮНЕСКО-мен бірлесіп ұйымдастырылған болатын. Бұдан бөлек, TWESCO «The Common Treasure of Mankind» («Адамзаттың ортақ қазынасы») атты Қорқыт шығармаларының музыкалық таспасын шығарып, Анкара, Измир қалаларында халықаралық конференциялар өткізген.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Владимир Михайлович Алпатов
Шығыстанушы, лингвист, филология ғылымдарының докторы