Жаңалықтар

Академияға БҰҰ Бас хатшысының орынбасары келді

3272

Астанада жұмыс сапарымен жүрген Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Даму бағдарламасы Еуропа мен ТМД елдері бойынша Өңірлік Бюросының директоры, БҰҰ ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Бас Комиссары Жихан Сұлтаноғлу ханым бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымына (TWESCO) арнайы келді.

Мәртебелі мейманды қарсы алған TWESCO басшысы Дархан Қыдырәлі ұйымның қызметі мен миссиясы жайлы кеңінен таныстырды. Академияның халықаралық байланыстары мен ғылыми жобалары, жариялаған еңбектерімен бірге келешектегі жоспарлары жөнінде мол мағлұмат берді.

Lb.jpg

Екіжақты кездесуге сонымен қатар, Түркі мемлекеттері ақсақалдар кеңесінің мүшесі Әділ Ахметов, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты Өкілінің Орынбасары Мунхтуя Алтангерел, Қазақстандағы БҰҰДБ департамент басшылары Ирина Горюнова мен Дана Аманова қатысты.

DSC_5918.JPG

TWESCO кітапханасы мен Түркі тарихы музейімен танысқан Жихан Сұлтаноғлу ханым Академияның қызметін және Түркі дүниесінің интеграциясын нығайтып, дамытудағы үлесін жоғары бағалады. 

CS.jpg

Академия басшысы тарту еткен құнды кітаптарды, оның ішінде жуырда ғана тұсауы кесілген «Жойылу қаупіндегі түркі тілдері» төрт томдығын ықыласпен қабыл алып, көптомдықтың ғылыми маңызы зор деп атап өтті.

DSC_5954.JPG

DSC_6012.JPG

Келелі кездесу соңында Жихан Сұлтаноғлу ханым Академияның Тілек кітабына жылы лебізін жазып қалдырды.

DSC_6076.JPG

Айта кету керек, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Ж.Сұлтаноғлу 2016 жылы TWESCO-ның Нью-Йорктегі БҰҰ Бас кеңсесінде өткізген «2030 Жоспары үшін Жібек Жолы бойындағы синергия» атты халықаралық симпозиум жұмысына арнайы қатысып, жиынның жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен болатын.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Саул Менделевич Абрамзон
учёный-этнограф, тюрколог, кандидат исторических наук