Жаңалықтар

TWESCO басшысы Түркия Ұлттық Білім министрінің орынбасарымен кездесті

2214

Түркияда жұмыс сапарымен жүрген Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі Анкарада Түркия Ұлттық Білім министрінің бірінші орынбасары Орхан Эрдем мырзамен кездесті.

Түркия Ұлттық Білім министрлігі Халықаралық Түркі академиясы Ғылым кеңесінің мүшесі болғандықтан TWESCO басшысы кездесуде ұйымның соңғы жылдары атқарған қызметі мен жүргізген зерттеулері жөнінде кеңінен баяндады. Тараптар Ғылым кеңесінің келесі жиынының өтетін жері мен мерзімін талқылады.

бм-1.jpg

Сондай-ақ, Д.Қыдырәлі Академияның алдағы жоспарларымен таныстырды. Атап айтқанда, бүгінде әзірленіп жатқан Ортақ Түркі әдебиеті, Ортақ Түркі географиясы мен 15-21 ғғ. Ортақ Түркі тарихы оқулықтарының жазылу процесі жөнінде әңгімелеп берді. Сонымен бірге министр орынбасарын мамыр айында Астанада өтетін ІІ «Ұлы дала» гуманитарлық ғылымдар форумына мәртебелі мейман ретінде қатысуға шақырды.

Түрлі ғылым салаларындағы зерттеу нәтижелеріне үлкен қызығушылық танытқан Орхан Эрдем мырза өз тарапынан Академияның келешек жобаларына мейлінше қолдау көрсететінін білдірді.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Саул Менделевич Абрамзон
учёный-этнограф, тюрколог, кандидат исторических наук