Жаңалықтар

Академия басшысы Түркия Ғылым академиясының президентімен кездесті

1092

Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі Анкарада Түркия Ғылым академиясының президенті, Түркі әлемі Ұлттық Ғылым академиялары одағының 2017 жылға сайланған төрағасы Ахмет Жеват Аджар мырзамен кездесті.

TWESCO делегациясының Түркияға жұмыс сапары аясында өткен кездесуде тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамытып, бірлескен жобалар жүргізу мүмкіндіктерін талқылады.

Академия басшысы Д.Қыдырәлі ұйымның келешек жоспарлары жөнінде кеңінен әңгімелеп берді. Сонымен бірге мамыр айында Астанада өткізіледі деп жоспарланған ІІ «Ұлы дала» гуманитарлық ғылымдар форумына дайындық барысын сөз етіп, А..Ж.Аджарды форумға қонақ ретінде шақырды.

ТГА-1.jpg

Өз кезегінде TWESCO қызметіне ұдайы құрмет, зор қызығушылықпен қарайтынын жеткізген Аджар мырза Түркі әлемі Ұлттық Ғылым академиялары одағының ағымдағы жұмыстары мен жобалары жайлы әңгімеледі.

Кездесу соңында Академия басшысы TWESCO әзірлеп басқан құнды кітаптар мен 8-сыныпқа арналған ежелгі замандардан біздің дәуіріміздің XV ғасырына дейінгі Ортақ Түркі тарихы оқулығын сыйға тартты.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Ахмет Биржан Ержиласун
Шығыстанушы 
Түркітанушы