Жаңалықтар

Академия басшысы Қазақстанның Сыртқы істер министрімен кездесті

2102

Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі Астанада Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов мырзамен кездесті.

Кездесуде Академия басшысы ұйымның соңғы жылдары атқарған іс-шаралары мен жүргізген ғылыми-зерттеу жобалары жөнінде, сондай-ақ TWESCO-ның халықаралық ұйымдармен байланысы туралы кеңінен баяндады. Археологиялық қазба жұмыстары мен жарық көрген кітаптар туралы мәлімет берді. Сонымен қатар, Академияның келешекке жоспарлаған жобаларымен бөлісті.

Министр Қ.Абдрахманов өз кезегінде халықаралық ұйымның жұмысына оң баға беріп, болашақ бастамалары мен жобаларына жан-жақты қолдау көрсететінін айтты.

Екіжақты кездесу соңында TWESCO басшысы министрге Академия басып шығарған құнды еңбектерді тарту етті. 


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Ахмет Биржан Ержиласун
Шығыстанушы 
Түркітанушы