Жаңалықтар

Түркі академиясы басшысы Түркі кеңесі бас хатшысымен кездесті

2241

Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі Ыстамбұл қаласында Түркі кеңесінің Бас хатшысы Рамиль Хасановпен кездесті.

Екіжақты кездесуде серіктес ұйымдардың басшылары арадағы ынтымақтастық шеңберін кеңейту төңірегінде пікір алмасып, Түркі елдерінің ортақ ақпарат кеңістігін құру жайында ұсыныстарын ортаға салды.

Д.Қыдырәлі Түркі кеңесіне мүше мемлекеттер басшыларының тапсырмалары негізінде жүзеге асырылған жобалар реті мен соңғы жылдары атқарылған ғылыми зерттеулер нәтижелері жөнінде әңгімеледі.

1.jpeg

TWESCO қызметіне ризашылық білдірген Р.Хасанов мырза биыл сәуір айында Қазақстанға жоспарланған жұмыс сапары аясында Түркі академиясына арнайы келетінін айтты. Сонымен бірге бас хатшы Түркі кеңесінің, әдеттегідей, Академияның барлық бастамалары мен ғылыми жобаларына ең жоғары деңгейде қолдау көрсететінін білдірді.

Кездесу соңында Академия басшысы Хасанов мырзаға TWESCO-ның соңғы ірі ғылыми жобаларының бірі, жуырда ғана оқырман жұртшылыққа ұсынылған «Жойылу қаупіндегі түркі тілдері» атты төрттомдықты тарту етті.

1-2.jpeg


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы