Жаңалықтар

Академияға Түркия премьер-министрінің орынбасары келді

2186

Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымына (TWESCO) Түркия Республикасы премьер-министрінің орынбасары Тұғрыл Түркеш бастаған делегация келді.

Делегация құрамында Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянык, Түркия СІМ Екіжақты қарым-қатынастар департаментінің директоры Шефик Вурал Алтай, Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігінің кеңесшісі Өзлем Херсан, Түркия вице-премьерінің кеңесшісі Салих Өздемір бар.

Құрметті меймандарды қарсы алған Академия басшысы Дархан Қыдырәлі ұйымның қызметі мен жүзеге асырған іргелі жобалары жөнінде жан-жақты баяндады. TWESCO-ның халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы, Ортақ Түркі тарихы, Ортақ Түркі әдебиеті мен Ортақ Түркі географиясы оқулықтарының жазылуы, халықаралық археологиялық экспедициялар мен қазба жұмыстары жөнінде де кеңінен әңгімелеп берді. Сонымен бірге, Академияның келешек жоспарларымен таныстырды.

1.jpg

Астанаға ресми сапары аясында Түркі академиясына арнайы келген Тұғрыл Түркеш мырза өз кезегінде ұйымның қызметін жоғары бағалап, болашақ жобаларына табыс тіледі.

8.jpeg

Екіжақты кездесуден соң қонақтар Түркі кітапханасы мен Түркі музейін аралап көрді.

2.JPG

5.JPG

4.JPG

Кездесу соңында Д.Қыдырәлі мәртебелі мейманға Академия басып шығарған құнды кітаптарды тарту етті.

6.jpeg

7.jpeg


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Ахмет Биржан Ержиласун
Шығыстанушы 
Түркітанушы