Жаңалықтар

Татарстанда Академия қолдауымен халықаралық жиын басталды

1403

Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) Татарстан Ғылым академиясы және Башқұртстан Ғылым академиясымен бірлесіп ұйымдастыруымен Қазан қаласында «Саналуан мәдениеттер тоғысындағы Ғалымжан Ибрагимовтың мұрасы» атты халықаралық конференция өз жұмысын бастады.

Көрнекті түркі әдебиетші-ғалымы, татар әдебиетінің классигі Ғалымжан Ибрагимовтің 130 жылдық мерейтойына орайластырылған шара Ресей гуманитарлық ғылыми қоры мен Ғ. Ибрагимов атындағы Тіл, әдебиет және өнер институтының қолдауымен өтуде.

Айтулы жиынның ашылу салтанатында TWESCO басшысы Дархан Қыдырәлінің құттықтау хатын Академия сарапшысы Тимур Козырев оқып берді. Татар тілінде жазылған хатта Академия басшысы «Гомере кыска булса да, Г. Ибраһимов үзе эшләгән һәр өлкәдә бик уңышлы һәм тәэсирле булып, үз халкының тарихында, тарихи ядында үчмәс эз калдырды. Татарларның үзеннән тыш, башка да тугандаш халыкларның – казакъ, үзбәк һ.б., - күпкенә зыялылары Г. Ибраһимовны үзләренә остаз дип белгән. Шуны да аеруча билгеләп үтәргә кирәк ки, аның «Казакъ кызы» дигән романы бөтен Үзәк Азия әдәбиятләренең үсешенә шактый тәэсир иткән иде», дей келе Ғ.Ибрагимовтың түркі әдебиетіне қосқан өлшеусіз мұрасына тоқталады. Сонымен бірге конференция қатысушыларына сәттілік тілейді.

Халықаралық жиынға Башқұртстан, Қазақстан, Қырғызстан, Қырым, Түрікменстан, Өзбекстан мен Мәскеуден келген танымал ғалымдар мен әдебиетшілер, зерделі зерттеушілер қатысуда.

Ғ. Ибрагимовтың өмірі мен әдеби шығармашылығын сан қырынан қарастыратын конференция екі күнге жалғасады.

Казан.jpg


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Ахмет Биржан Ержиласун
Шығыстанушы 
Түркітанушы