Жаңалықтар

Астанада «Астана-Арқау» түркі музыкасының Х фестивалі өтеді

796

Бүгін елордадағы «Астана-Опера» театрында «Астана-Арқау» дәстүрлі түркі музыкасының X фестивалі басталады.

2 күнге жалғасатын бұл ірі мәдени шара ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне орайластырылып отыр.

Осымен 10 жыл қатарынан тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан бұл фестиваль түркі өркениеті халықтарының өкілдерімен кең ауқымды кездесуге мүмкіндік беріп, ұлтаралық қарым-қатынастың жандануына ықпал етті.

«Астана-Арқау» фестивалінің концертінде танымал өнер шеберлерінің орындауында түркі халықтарының түгеліне жуық әуендері шырқалады. Батыс пен Шығыс тыңдаушылары тәнті болған және өте жоғары бағаланатын жанрлар ұсынылатын болады, олар – Орта Азия және Қазақстан, Күнгей Кавказ бен Волга жиегі, Сібір түркілерінің шамандық ән шырқауы, шаңқобызға арналған композициялары, көмеймен ән айтуы, эпикалық және аспаптық композициялары, ән лирикасы. Ән мен жыр мерекесінде алуан стиль мен түрлі мазмұндағы әуендер орындалады. Түркі музыкасының баға жетпес қазынасымен байланыс астаналық тұрғындар мен қонақтар үшін нағыз мереке болары анық.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль өзінің 10-жылдығын мерекелеуге байланысты Түркі әлемінің музыкалық мұрасын бағалаушыларға керемет сый әзірлеуде – бұл көрермендердің есінде ұзағынан қалатын жарқын оқиғалардың бірі болмақ. 


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы