Жаңалықтар

Астанада Мандокидің ғылыми жинағы таныстырылды

2631

Бүгін Астанада Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) Венгрия ғылым академиясының қолдауымен шығарған көрнекті түркітанушы ғалым Иштван Қоңыр Мандокидың «New comers from the East. Hungarians and Kipchak-Turks in Europe» (Шығыстан қоныстанушылар. Мажарлар мен Еуропадағы қыпшақ-түркілер) атты ғылыми жинағының таныстырылымы өтті.

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында өткен алқалы шара мажар елі мен түркі халықтарының мәдени қарым-қатынасының дамуына зор үлес қосқан И.Қ. Мандокидың өмірден өткеніне 25 жыл толуына орайластырылды.

Академия басшысы Дархан Қыдырәлінің модераторлығымен дөңгелек үстел форматында өткен алқалы басқосуға Венгрия елшілігінің дипломаттары, аталған жинақты әзірлеп, дайындаған венгриялық профессор Адам Мольнар,  мажар түркологы, Мандокидің шәкірті Давид Шомфай Қара мен түрколог ғалымдар және зиялы қауым өкілдері қатысты. 

Өз сөзінде Д.Қыдырәлі оқырман жұртшылыққа таныстырылған еңбектің Түркі академиясының арнайы жобасы аясында әзірленгенін, сонымен бірге Венгрияның ғылыми ортасы мен TWESCO арасында қалыптасқан ынтымақтастық нәтижелері жөнінде әңгімеледі. 


Сонымен қатар, іс-шара аясында И.Қ.Мандокидің өмірі мен қызметіне арналған «Кыпшакский первопроходец» («Жол салушы қыпшақ») атты деректі фильм ұсынылды. 


Айта кету керек, бүгін қазақстандық оқырманға таныстырылған ғылыми жинақтың тұсаукесерін Академия алғаш 2015 жылы Венгрия астанасы Будапешт қаласында өткізген болатын. Бұдан бөлек, әйгілі түркітанушы И.Қ. Мандокидің 16 мың кітап пен құнды қолжазбалары бүгінде Халықаралық Түркі академиясының кітапханасында сақтаулы.  



Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы