Жаңалықтар

Астанада алғаш Түркология музейі ашылды

2459

Бүгін Астанада Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) Түркі жазуы күніне орай Түркология музейінің ашылу салтанатын өткізді.

Түркітану саласында алғаш рет ұйымдастырылып отырған экспозицияда әйгілі түркітанушы ғалымдар Әбдуәли Қайдар, Әбжан Құрышжанов, Әмір Нәжіп, Рабиға Сыздықова мен Осман Фикри Серткаяның жеке тұтынған дүниелері, бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған күнделіктері мен қолжазбалары ұсынылған.

DSC_8276.JPG

Атап айтсақ, академик Ә.Қайдардың шапанын, жұмыс кабинетінде қосылып тұрған радио-қабылдағышын, жеке қаламсаптарын, профессор Ә.Құрышжановтың күнделіктері мен әріптес-достарымен арадағы хаттарын, академик Р.Сыздықованың өзі тартқан қоңыр домбырасын сол жерден көруге көруге болады. Сондай-ақ, экспозицияда профессорлар Ә.Нәжіп пен Осман Фикри Серткаяның жеке күнделіктері мен құнды қолжазбалары да орын алған.

Салтанатты шараға Әзербайжан, Ресей, Түркия, Өзбекстан мен Моңғолиядан келген ғалымдар, зиялы қауым және баспасөз өкілдері қатысты.

Fotolar - Muzey-1.JPG

Айта кетерлігі, бұл шара ертең, 26-шы мамыр күні Астанада өтетін «Ұлы дала» ІІ гуманитарлық ғылымдар форумы аясында ұйымдастырылған. Аталған форумға Америка мен Азия елдерінен 300-ге жуық ғалымдар қатысады деп күтілуде. 


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Ахмет Биржан Ержиласун
Шығыстанушы 
Түркітанушы