Жаңалықтар

Алматыда әліпби тақырыбына арналған конференция өтті

838

Бүгін Алматы қаласында Түркі жазбалары күніне арналған «Тамыры терең әліпби: жалпытүркілік бірегейліктің мызғымас негізі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетін және Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамыту республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының қолдауымен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты тарапынан ұйымдастырылды.

Аталған ғылыми шара халықтың тарихи санасының ең негізі іргетасы болып табылатын Алтай дәуірі, Хун дәуірі, көнетүркі дәуірі, ортатүркі дәуірі, жаңатүркі дәуірі кезеңіндегі жазба ескерткіштер мен мұраларымызды насихаттауға, түркі дүниесінің кешегісі мен бүгінін саралауға және жалпытүркілік бірегейлікті одан әрі нығайтуға бағытталған.

Қазақстанның танымал ғалымдары мен зерттеушілері, зиялы қауым өкілдері жиналған конференцияға Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) атынан Ақеділ Тойшанұлы қатысты. Ол жиынның ашылу салтанатында қатысушыларға Академия басшысы Дархан Қыдырәлінің ыстық ықыласын жеткізіп, конференция жұмысының жоғары деңгейде өтуіне тілектестік білдірген құттықтау хатын оқып берді.

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек жүргізіп отырған конференция материалдары жинақ түрінде жарық көретінін айта кету керек. 


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы