Жаңалықтар

Көрнекті түркітанушы ғалым Дмитрий Насилов өмірден озды

2260

Саналы ғұмырын ғылымға арнаған көрнекті түркітанушы ғалым, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Азия және Африка елдері институтының Түркі филологиясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Дмитрий Михайлович Насилов 83 жасында дүниеден озғанын өкінішпен хабарлаймыз.

Өмірінің соңына дейін өнімді еңбек еткен Д.М. Насилов Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Шығыс тілдері институтының түлегі. Түрік лингвистикалық қоғамының коореспондент-мүшесі, Ресей түркітанушылар комитеті төрағасының орынбасары, «Российская тюркология» журналының бас редакторы болды.

Оның 1960-шы жылдары жариялана бастаған түркітану мен алтай тіл біліміне қатысты еңбектері дүниежүзі ғалымдарына белгілі. Әлем түркологиясына ерен еңбек сіңірген ғалым 300-ден астам ғылыми еңбек жазып қалдырды.

Айта кетерлігі, Д.М.Насилов 2016 жылы Академия тарапынан қайта әзірленіп басылған түркітанудағы іргелі еңбек саналатын «Көне түркі сөздігін» («Древнетюркский словарь») құрастырушылардың бірі. Ол Түркі академиясының ғылыми жобаларына жүйелі түрде атсалысып келді. Осылайша, 2016 жылы түркітану ғылымына сіңірген еңбегі және шығармалары арқылы халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, мәдени байланысты тереңдеткені үшін Д.М.Насилов Академияның алтын медалімен марапатталған еді.

Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі ауыр қайғыға ортақтасып, ардақты ғалымның отбасы, жақын-туыстары мен әріптестеріне көңіл айтады.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Владимир Михайлович Алпатов
Шығыстанушы, лингвист, филология ғылымдарының докторы