Жаңалықтар

TWESCO Исмаил Гаспыралы атындағы Медиа сыйлық тағайындады

253

Бүгін Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) Түркі әлемінің мәдени астанасы – Түркістан қаласында Исмаил Гаспыралы атындағы Медиа сыйлықтың алғашқы иегерлерін марапаттады.

Марапаттау салтанаты Академия мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі бірлесе ұйымдастырған «Түркі әлемі және ақпараттық кеңістік» атты алғашқы Халықаралық журналистер форумы аясында өтті. Аталған Медиа сыйлық түркі дүниесінің білім, ғылым, мәдениет саласындағы жетістіктерін насихаттауға және түбі бір туыс халықтардың ақпарат саласындағы ынтымақтастығын дамытуға қосқан зор үлесі үшін тағайындалған.

Биыл алғаш рет тағайындалған Медиа сыйлық Әзербайжан, Түркия мен Қазақстанның қаламгер-журналистеріне табысталды. Осылайша, үздік деректі фильмдер топтамасы үшін түркиялық «NTV» телеарнасының бағдарлама редакторы Ахмет Йешильтепе, үздік журналистік зерттеулер үшін «Yeniçağ» газетінің сарапшысы Күршад Зорлу, үздік танымдық материалдар үшін "Discovery Azerbaijan" журналының редакторы Аида Эйвазова мен үздік ақпарат-сараптамалық материалдары үшін «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің бас директоры Асқар Умаров TWESCO Медиа сыйлығымен марапатталды.

Медиа форумның ашылу салтанатында өткен марапаттау рәсімінде сөз алған Д.Қыдырәлі бұл жүлде тұрақты түрде тағайындалатынын және жылына бір рет берілетінін айтты.





Айта кету керек, сыйлыққа түркі халықтарының кез-келген тілінде жарық көретін немесе хабар тарататын БАҚ редакциясы мен түркі халықтары тілдерінің бірінде жазатын кез-келген журналист үміткер бола алады.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Саул Менделевич Абрамзон
учёный-этнограф, тюрколог, кандидат исторических наук