Жаңалықтар

TWESCO TÜRKSAV ұйымдастырған марапаттау рәсіміне қатысты

24

Түркия Республикасының азаматтық ұйымдарының бірі - Түркия жазушылар және өнер қайраткерлер қоғамы (TÜRKSAV) жылдағы дәстүрмен «Түркі әлеміне сіңірген ерен еңбегі үшін» марапатын тапсыру салтанаты мен халықаралық симпозиум өткізді.

Битлис повинциясының көне шаһары, Селжүк түркілерінің Анадолыдағы алғашқы астанасы болған тарихи Ахлат қаласында өткен шараға xалықаралық және республикалық қоғамдық ұйымдардың басшылары, түркі елдерінің танымал ақын-жазушылары, көрнекті ғалымдар, зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысты.

Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) атынан қатысқан түркітанушы ғалым Нәпіл Базылхан жиынның ашылу салтанатында қатысушыларға Академия басшысы Дархан Қыдырәлінің ыстық ықыласын жеткізіп, симпозиум жұмысының жоғары деңгейде өтуіне тілектестік білдірген құттықтау хатын оқып берді. Ол сонымен бірге симпозиумда «Түркі әлеміндегі Шивээт улаан ғұрыптық кешенінің орны» атты ғылыми баяндама жасады.


Жыл сайын ұйымдастырылып, Түркі әлемінің әдебиеті, өнері, ғылымы, білімі, журналистикасы және басқа салаларында елеулі еңбек сіңірген тұлғаларға тапсырылатын марапат биыл да өз иелерін тапты. Осылайша, аталған сыйлық Нұрлан Оразалин (Қазақстан), Азиз Санжар (Түркия), Казым Хажымейлич (Босния және Герцеговина), Серхат Ақпынар (Кипр), «Камалат жастар қозғалысы» (Өзбекстан), «ТРТ Анкара радиосы» (Түркия) мен басқа да зиялы қауым өкілдеріне табысталды. 


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы