Жаңалықтар

TWESCO мен Моңғолия Ұлттық Ғылым академиясы өзара ынтымақтастық орнатты

1318

Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) мен Моңғолия Ұлттық Ғылым академиясы өзара ынтымақтастық меморандумын бекітті.

Құжатта көрсетілген шарттарға сәйкес, тараптар ғылыми зерттеу саласында ортақ маңызды жұмыстарды жетілдіріп, тиімділігін арттыру мақсатында ортақ ғылыми-зерттеулер мен жобаларды жүзеге асыруға келісті. Атап айтқанда, бірлескен ғылыми-зерттеу экспедициясын өткізуге, ғалымдар мен зерттеушілер арасында өзара тәжірибе алмасуға, жас ғалымдарды тағылымдамадан өткізуге, сонымен қатар тарихи дереккөздер мен ескерткіш кешендерін бірлесіп зерттеуге уағдаласты.

Memorandum - Mongoli-1-1.JPG

TWESCO басшысы Дархан Қыдырәлі мен Моңғолия Ғылым академиясының бірінші вице-президенті Гэлэгпил Чулуунбаатар арасында болған кездесуде тараптардың өзара байланыстарын нығайту мен болашақ жоспарлары туралы кеңінен әңгімеленді.

Айта кетерлігі, меморандум бекіту рәсімі Астана қаласында 26-шы мамырда өтетін «Ұлы дала» гуманитарлық ғылымдар форумы шеңберінде ұйымдастырылды. 


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Александр Васильевич Адрианов
Түрколог-жаратылыстанушы, тарихшы-археолог,физика-математика ғылымдарының кандидаты