Жаңалықтар

TWESCO басшысы жас ғалымды марапаттады

878

Моңғолияның астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан VII халықаралық «Алтай халықтары» симпозиумы барысында ұйым басшысы Дархан Қыдырәлі «Шивээт улаан» кешенінде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан жас ғалым Алтангэрэл Энхтөрді академияның күміс медалімен марапаттады.

         TWESCO басшысы Моңғолияның Тарих, археология институтының бас қылыми қызметкері, археолог Алтангэрэл Энхтөрдің көне түркі ғұрыптық кешенінде жүргізіп жатқан қазба жұмыстарына жоғары баға берді. Әрі Академияның күміс медалі жас ғалымдардың еңбегін бағалау үшін тағайындалғанын атап өтті.

         Естеріңізге салсақ, TWESCO 2016 жылы  Моңғолия Ұлттық Ғылым академиясы жанындағы Тарих, археология институтымен бірлесіп Моңғолиядағы көне түркілердің «Шивээт улаан»  ғұрыптық кешенінде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуді бастаған болатын. Аталған қазба жұмыстары биыл аяқталады. Алдын ала мәліметтерге қарағанда   ғұрыптық кешеннен бірқатар ескерткіштер табылған. Атап айтқанда Шивэт улан кешенінен арыстандар мен қошқар мүсіндері, таңбалы тас, адамның тас мүсіні, ақсүйек адамның тастан жасалған басы мен денесі және өзге де жәдігерлер шыққан еді.



Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Ахмет Биржан Ержиласун
Шығыстанушы 
Түркітанушы