Жаңалықтар

Қазақстан Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жарияланды

5016

Бүгін «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарық көрді.

Мақаланың кіріспе бөлімінде Елбасы 2017 жылдың басында жариялаған Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғаны туралы жазғанын, енді қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғырудың қолға алынғаны туралы жазады. Президенттің пайымдауынша, Қазақ елінің мақсаты айқын, бағыты белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.

«Мен еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарастарымды ортаға салуды жөн көрдім» дей келе Елбасы ұлттық сана, бәсекеге қабілеттік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эфолюциялық дамуы, сананың ашықтығы туралы ой толғап, таяу жылдардағы міндеттерді нақтылайды.

Сонымен бірге Президент Назарбаев алдағы жылдары мықтап қолға алуды қажет ететін жобалардың бірі ретінде қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесін ұсынды. Мақалада Елбасы қазақ әліпбиінің терең тарихына бойлайды: «VI-VII ғасырлар – ерте орта ғасыр кезеңі. Бұл уақытта Еуразия құрлығында ғылымға «Орхон-Енисей жазулары» деген атаумен танылған көне түркілердің руникалық жазуы пайда болып, қол­данылды. Бұл адамзат тарихындағы ең көне әліпбилердің бірі ретінде белгілі. V-XV ғасырларда түркі тілі Еуразия құрлы­ғының аса ауқымды бөлігінде ұлтаралық қатынас тілі болды. Мәселен, Алтын Орданың бүкіл ресми құжаттары мен халықаралық хат-хабарлары негізінен ортағасырлық түркі тілінде жазылып келді». Осылайша «2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет», - деді Н.Назарбаев.

Мақаланың толық нұсқасын «Егемен Қазақстан» газетінен оқуға болады.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Саул Менделевич Абрамзон
учёный-этнограф, тюрколог, кандидат исторических наук