Жаңалықтар

Стамбұлда Тарих оқытудың халықаралық V симпозиумы болып өтті

1316

Ататүрік Мәдениет, тіл және тарих жоғары құрымы  жанындағы  Түрік тарих құрымы және Стамбұл университеті бірлескен Тарих оқытудың халықаралық V симпозиум   Стамбұлда болып өтті. Оған алыс-жақын шетелден 180-нен астам тарихшы ғалымдар мен жоғары, арнайы  оқу орындарының тарихшы ұстаздары қатысып, тарихты жазу, тарихты оқыту, тарихи зерттеулерге қатысты баяндамалары 7 секция бойынша талқыланды.

2010 жылдан бері тарихи оқытудың жалпы мәселелері, оқыту әдістемелік жүйелерін талқылайтын симпозиум биыл бесінші рет  Стамбұлда екі күн бойы ұйымдастырылды. Симпозуимға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлінің «Ортақ түркі тарихы» оқулығының мәселелері бойынша  арнайы баяндамасы талқыланды.  

Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) атынан қатысқан түркітанушы ғалым Нәпіл Базылхан симпозиумның ашылу салтанатында қатысушыларға Академия басшысы Дархан Қыдырәлінің ыстық ықыласын жеткізіп, симпозиум жұмысының жоғары деңгейде өтуіне тілектестік білдірген құттықтау хатын оқып берді.

    Симпозиумға Түрік тарих құрымы төрағасы доктор, профессор Рефик Туран, Түркия Жоғары оқу құрылымы мүшесі доктор, профессор Мустафа Сафран, Стамбул университетінің Хулия Чалышкан, Анкара университетінің профессоры, доктор Месут Чапа, Самсун Он тоғызыншы мамыр университетінің профессоры Хасан Айдын сынды белгілі ғалымдар мен тарихшылар  қатысты.

Симпозиум барысында  доцент Йасин Доған  жинақтаған халықаралық тарих оқулықтарының ерекше  көрмесі өтті.  Онда  50-ден астам мемлекеттердің орта мектеп тарих оқулықтары таныстырылды.
Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Ахмет Биржан Ержиласун
Шығыстанушы 
Түркітанушы