Жаңалықтар

Түркияда IV Түркі әлемі зерттеулері симпозиумы өтеді

3577

2017 жылдың 26-28 сәуір аралығында Түркияның Нийде қаласында IV Халықаралық Түркі әлемі зерттеулері симпозиумы (ТӘЗС) өтеді.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан), Өмер Халисдемир университеті (Нийде қ.,Түркия), М.Акмулла атындағы башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті (Уфа қ., Ресей Федерациясы) мен Баку Еуразия университетінің (Баку қ., Әзербайжан) ұйымдастыруымен өтетін ғылыми жиын ең алдымен Түркі әлеміне қатысты зерттеулер жасап жүрген ғалымдардың басын қосып, ғылыми пікір алмасуға мүмкіндік жасауды мақсат етеді.

Симпозиумда түркі дүниесінің өзекті мәселелері, тіл, әдебиет, тарих, білім, мәдениет, өнер, халықаралық қатынастар, экономика, дін, философия, әлеуметтануға қатысты бірнеше тақырыптық сессиялар болады деп жоспарланған.

Аталған жиынға қатысу үшін ұйымдастыру алқасына наурыз айының үшінші жұлдызына дейін, тек түркі тілдерінің бірінде жазылған ғылыми мақала жолдау қажет.   

Айта кету керек, ТЭЗС алғаш рет 2014 жылы Нийде университетінде өткен болатын. Ал, ІІ симпозиум 2015 жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде, ІІІ симпозиум 2016 жылы Баку Еуразия университетінде ұйымдастырылды.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Рашид Абдуллович Аганин
Түркітанушы-лингвист, филология ғылымдарының кандидаты.