Жаңалықтар

Рухани жаңғыру және түркі әлемі тарихына арналған конференция өтеді

859

Алдағы қыркүйекте Халықаралық Түркі академиясы мен Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Алматы қаласында «Рухани жаңғыру және түркі әлемі тарихының мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференция Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері Әлімғазы Дәулетханның 75 жасқа толған мерейтойына арналып отыр. Конференцияда «Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстанның этносаяси   мәселелері», «Түркі халықтарының мәдени тарихы», «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы   отандық тарихтың өзекті мәселелері» атты бағыттарда ғылыми баяндамалар мен ғылыми талқылаулар ұйымдастырылады.

Конференцияға  қатысуға  ниет танытқан зерттеушілер мына сілтеме арқылы арнайы шарттарымен таныса алады.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Саул Менделевич Абрамзон
учёный-этнограф, тюрколог, кандидат исторических наук