Жаңалықтар

Көрнекті ресей түркітанушысы 60 жаста

3048

Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі белгілі түрколог ғалым, Ресейдің академиялық  түркітану саласының белді өкілі - Ирина Анатольевна Невскаяның 60 жылдық мерейтойына орай арнайы құттықтау хат жолады. 

Көрнекті ғалымның түркология саласына қосқан өлшеусіз үлесіне ілтипат білдірген TWESCO басшысы Ирина Анатольевнаның деніне саулық және ғылыми жетістіктер тілеген. 

Ирина Анатольевна Невская 1958 жылдың 3-ші ақпанында Ресейдің Новокузнецк қаласында дүниеге келген. Ғылыми зерттеулерінің негізгі тақырыптары: алтай тілдері, түркі тілдері, герман тілдері, компьютерлік лингвистика, тарихи және жойылып бара жатқан тілдердің электронды қорын құру мен көне түркі тілдері. Бүгінде Германияда өмір сүретін И.А.Невская Й.Гете атындағы Франкфурт университетінің профессоры, сондай-ақ Берлин Тәуелсіз университеті жанындағы Түркология институтының қызметкері.

Айта кету керек, И.А. Невская Академияның халықаралық ғылыми жобаларының қатысушысы. Атап айтқанда, 2016 жылы жарық көрген «Жойылу қаупіндегі түркі тілдері» атты көптомдық зерттеудің авторларының бірі. 


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Александр Васильевич Адрианов
Түрколог-жаратылыстанушы, тарихшы-археолог,физика-математика ғылымдарының кандидаты