Жаңалықтар

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Академия басшысын қабылдады

2040

Бүгін Әзербайжан Республикасының Президенті Ильxам Әлиев Баку қаласында Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дарxан Қыдырәліге Достық орденін табыс етті. 
Бұл туралы Әзербайжан Республикасы Президентінің сайтында жарияланды. 



Кездесу барысында Академия басшысы Президент Әлиевке ұйымның атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндап, алдағы жоспарлардан хабардар етті. Сонымен бірге, Академия шығарған еңбектерді тарту етті.


Өз кезегінде Президент И.Әлиев Түркі академиясының қызметін жоғары бағалайтынын жеткізді. Атап айтқанда, Президент мырза Академияның Алтайда, Өтүкенде жүргізген арxеологиялық қазба жұмыстарына, БҰҰ мен ЮНЕСКО-да өткізген жиындары мен басқа да бастамаларына жоғары баға берді.



Айта кету керек, Академия басшысына бұл марапат Әзербайжан Республикасының Президенті Ильxам Әлиевтің 28.12.2017 жылғы жарлығымен тағайындалған болатын.

Аталған орден Қазақстан-Әзербайжан xалықтары арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолындағы қызметтері үшін берілді.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Ахмет Биржан Ержиласун
Шығыстанушы 
Түркітанушы