Жаңалықтар

Академия басшысы Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президентімен бас қосты

784

 VI Жаһандық Баку форумына қатысу мақсатында Әзербайжанға жұмыс сапарымен барған Халықаралық Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі Халықаралық Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Гүнай Эфендиевамен кездесті.

Гүнай Эфендиева Әзербайжан Президенті Ильхам Алиев тарапынан «Достық» орденінің табысталуына байланысты Академия басшысы Дархан Қыдырәліні құттықтап, Академия жұмысына табыс тіледі. Г. Эфендивева Астана сапары барысында Халықаралық Түркі академиясы басшысымен өткізген кездесуде де атап өткендей, екі ұйымның ынтымақтастығының маңызына тоқталды.

Дархан Қыдырәлі өз кезегінде Халықаралық Түркі мәдениеті және мұрасы қоры мен Халықаралық Түркі академиясы атқаратын ортақ іс-шаралардың ортақ мұраның зерттелуі мен дүниежүзіне танытылуына зор үлес қосатындығын мәлімдеп, табысты серіктестік жүзеге асырылатындығына сенім білдірді.

Кездесуде түркі әлеміне байланысты жобалардың жүзеге асырылуы қажеттігіне баса назар аударылып, егжей-тегжейлі пікір алмасты.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Саул Менделевич Абрамзон
учёный-этнограф, тюрколог, кандидат исторических наук