Жаңалықтар

Түркі академиясы Алашорда үкіметіне арналған кітапты таныстырды

1604

Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) Астанада «Түркі әлемінде тұлғалар тағылымы» сериясы бойынша Алашорданың 100 жылдығына орай «Алаш әскері: тарихтан тағылым» тақырыбында екінші семинар ұйымдастырды. Семинарда қоғам қайраткері Берік Әбдіғалиұлы жиналған көпшілікке ашық лекция оқыды. 


Сонымен қатар, келелі жиын аясында Б. Әбдіғалиұлының «Алашорданың әскери құрылымы (1917-1920 жж.)» атты кітабының таныстырылымы өтті.

Ұлттық академиялық кітапханада өткен алқалы шараға көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, дипломаттар, ұлт зиялылары мен зерттеуші-ғалымдар қатысты.


Түркі академиясы жұмысының 2017 жылғы негізгі бағытының бірі – Алашорда үкіметінің 100 жылдығына арналған еді. Тарихшы Берік Әбдіғалиұлының аталған зерттеу еңбегі осы бағыттағы ғылыми жоба негізінде жарық көріп отыр.

Кітаптың жазылу тарихы жайлы қатысушыларға автор баяндап берді. Басылымда Алашорда үкіметінің ұлттық әскерінің қалыптасу кезеңі жан-жақты сипатталады. Сонымен бірге, Алашорда үкіметінің сол дәуірдегі Уақытша Сібір үкіметі, казактардың әскери топтары сияқты маңызды тарихи факторлармен ара-қатынасы зерттеледі. 


Зерттеу барысында алғаш рет Мәскеу, Санкт-Петербор, Омбы және Томск қалаларының архивтері мен кітапханаларында сақталған құнды деректер пайдаланылған.

Сонымен қатар, Алаш қозғалысына арналған семинар барысында көрнекті мемлекет қайраткерлері және ғалымдар сөз сөйлеп, пайымды пікірлерімен бөлісті.



Жиынды қорытындылаған Академия басшысы Дархан Қыдырәлі Берік Әбдіғалиұлына рахмет айтып, «Түркі халықтарының тарихын зерттеуге қосқан үлесі үшін» TWESCO Алғыс хатымен марапаттады.



Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Рашид Абдуллович Аганин
Түркітанушы-лингвист, филология ғылымдарының кандидаты.