Жаңалықтар

Жапония елшісі TWESCO Құрмет грамотасымен марапатталды

2483

Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі Астанада Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ичиро Кавабатаны TWESCO Құрмет грамотасымен марапаттады.

Академия марапаты Елші мырзаға «Халықтар арасындағы ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» тағайындалып отыр.

Салтанатты марапаттау рәсімі Ұлттық академиялық кітапханада, «Түркі әлемінде тұлғалар тағылымы» сериясы бойынша Академия ұйымдастырған екінші семинар аясында өтті.


Айта кету керек, Түркі академиясы мен Жапонияның ғылыми ордалары арасында берік ынтымақтастық орнаған. Атап айтқанда, Академияның «Түркі әлемінде тұлғалар тағылымы» сериясы бойынша өткізген алғашқы семинарында токиолық танымал түркітанушы Хисао Коматсу татар халқының көрнекті қайраткері Әбдірәшит Ибраһим жайлы түрік тілінде дәріс оқыған болатын. Бұдан бөлек, 2017 жылдың қазан айында Академия басшысы бастаған делегация Халықаралық академиялар одағының арнайы шақыртуымен Жапонияда болып, бірқатар кездесулер өткізген.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы