Жаңалықтар

Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының IV кеңесі өтті

2668

8-ші ақпан күні Бакудегі ТүркПА кеңсесінде Түркі кеңесі, Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO), ТҮРКСОЙ және Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының төртінші үйлестіру кеңесі өтті.

ТүркПа Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов төрағалық еткен келелі кездесуге Түркі кеңесінің Бас хатшысы Рамиль Гасанов, ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Гюнай Эфендиева, Түркі академиясының тұрақты хатшысы Асхат Кесікбаев пен сарапшы мамандар қатысты.


Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының өкілдері 2017 жылы атқарған қызметтері туралы, сондай-ақ 2018 жылға жоспарланған жобалары жөнінде мәліметтер ұсынды. Сонымен бірге, хатшылықтар арасында үйлестіру жұмыстарын және ақпарат алмасуды жетілдіру туралы ортақ келісімге келді.


Тараптар сондай-ақ, ТҮРКСОЙ-дың 25 жылдығы, ТүркПА-ның 10 жылдығы, ӘДР-дің 100 жылдығына және Түркі әлеміне ортақ танымал қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығы мен көрнекті қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына орай бірқатар маңызды іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыруға келісті.


Жиын соңында қатысушылар келесі V үйлестіру кеңесін 2018 жылы Әзербайжанда Түркі Мәдениеті мен мұрасы қоры өткізетіні туралы шешім қабылдады.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Владимир Михайлович Алпатов
Шығыстанушы, лингвист, филология ғылымдарының докторы