Жаңалықтар

Бакуде I Халықаралық Кавказтанушылар форумы өтті

2403

Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Кавказтану институтымен бірлесе ұйымдастыруымен Бакуде І Халықаралық Кавказтанушылар форумы өтті.

Алқалы жиынның ашылу салтанатында Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің құттықтау сөзі оқылды.

Форумды ашқан Әзербайжан Ғылым академиясының президенті Акиф Ализаде өз сөзінде Кавказ өңірінің әлемдік геосаясаттағы маңыздылығын атап өтті. «Біз І Халықаралық Кавказтанушылар форумын ұйымдастыру арқылы маңызды мәселелер туралы пікір алмасуды қажет таптық. Форумға түрлі елдердің ғалымдары қызығушылық танытуы мақсаттарымыздың жүзеге асуына үлес қосады деп сенеміз»,- деді А.Ализаде.

Баку-20.jpg

Сонымен бірге келелі жиында Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі атынан құттықтау сөзді Академия сарапшысы Фузули Межидли оқып берді.   

Форум барысында Түрік тарихы қоғамы төрағасы, профессор Рефик Тұран, Ресей Ғылым академиясы Оңтүстік орталығының директоры Геннадий Матишов, Грузия Ғылым академиясының вице-президенті Роин Метревели, Шешенстан Ғылым академиясының президенті, академик Шахрудин Гапуров баяндама оқыды.   

Шара аясында профессор Рефик Туран, академик Геннадий Матишов, академик Роин Метревели мен академик Шахрудин Гапуровқа Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясының Алтын медалі тапсырылды.  

Секциялық отырыстарда Д. Қыдырәлінің «Кавказ – Түркі өркениетінің тоғысу нүктесі» және Ф. Межидлидің «Түркітілдес елдер интеграциясында Оңтүстік Кавказдың геосаяси рөлі мен маңызы» атты баяндамалары оқылды.  

Баку-22.jpg

Форум аясында өткен 20 секцияда Кавказ елдерінің әлеуметтік-саяси, экономикалық жағдайы, геосаясаты, сыртқы саясаты, екіжақты қарым-қатынастары, ұлы державалардың Кавказ өңіріндегі саясаты, Таулы Қарабақ мәселесі, Ходжалы қайғылы оқиғасы және тағы басқа мәселелер туралы жүз елуден астам баяндама жасалды.

Айта кетейік, дүние жүзінде және Әзербайжанда тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған Кавказтанушылардың І халықаралық форумына Әзербайжан, Қазақстан, Ресей, Түркия, АҚШ, Ұлыбритания, Израиль, Иран, Өзбекстан, Украина және Грузиядан 175 ғалым мен зерттеушілер қатысты. 

Баку-21.jpg


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы