Жаңалықтар

Академияда Қожа Ахмет Ясауиге арналған жиын өтті

1930

Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымында (TWESCO) Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңес төрағасы Мұса Йылдыз «Қожа Ахмет Ясауиді түсіну» тақырыбында лекция оқыды.

Келелі жиынға Түркі кеңесі Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Әділ Ахметов, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек, Еуразия ғылыми-зертеу институтының директоры Невзат Шимшек, Халықаралық Манас қырғыз-түрік университетінің профессоры Осмонакун Ибраимов, Башкент университетінің профессоры Суер Екер мен көрнекті ғалымдар, сондай-ақ Академия ұжымы қатысты.

WhatsApp Image 2017-02-07 at 19.37.18.jpeg

Алғаш рет қазақ тілінде баяндама жасаған Мұса Йылдыз түркі ғұламасы Ясауидің өмірі мен өзінен кейін қалдырған мол рухани мұрасы жайлы кеңінен әңгімеледі. Заманының озық білімін түркі тілінде жеткізген ұлы ойшылдың ғылымға қосқан үлесі жайлы да сөз етті. Сонымен қатар, қатысушылардың тақырыпқа сай сұрақтарына жауап берді.

Мазмұнды өткен жиын соңында TWESCO басшысы Дархан Қыдырәлі құрметті мейманға 2016-2017 жылдың ЮНЕСКО шешімімен Қожа Ахмет Ясауи және Жүсіп Баласағұн жылы деп жариялануына орай TWESCO тарапынан жарияланған құнды басылымдарды тарту етті. 

3 (1).jpg


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Рашид Абдуллович Аганин
Түркітанушы-лингвист, филология ғылымдарының кандидаты.