Жаңалықтар

Лингвист ғалымдар Бакуде бас қосты

2335

Әзербайжан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы мен Насими атындағы Тіл білімі институтының бірлесіп ұйымдастыруымен Бакуде профессор Агамуса Ахмедовтың 85 жылдығына орай «Агамуса Ахундов және әзербайжан филологиясы» атты халықаралық конференция өтіп жатыр.

24-ші сәуірде болған ашылу салтанатын Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясының (ӘҰҒА) президенті, академик Акиф Ализаде құттықтау сөзімен ашып, көрнекті лингвист ғалымның өмірі мен ғылыми жолы жөнінде кеңінен әңгімеледі.

Сонымен бірге халықаралық жиында ӘҰҒА вице-президенті Иса Габиббейли, Насими атындағы Тіл білімі институтының директоры Мохсун Нагисойлу, Қазақстан ҰҒА А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек, Египеттегі Айн Шемс университетінің профессоры Мұхаммед Хариди, түркиялық Хажеттепе  университетінің Түрік тілі және әдебиеті бөлімінің меңгерушісі Халук Акалын, Әзербайжан Жазушылар одағының төрағасы Анар Рзаев сынды танымал ғалымдар мен қоғам қайраткерлері баяндамалар оқыды.

25.04-1.jpg

Конференцияның алғашқы күні қатысушы ғалым-зерттеушілер «Тіл білімінің теориясы», «Түркологияның өзекті мәселелері», «Тіл тарихы және грамматика», «Тіл және стиль» тақырыбында өткен секцияларда пайымды пікірлерімен бөлісті.

Түркі тілдерін зерттеуде елеулі еңбек атқарған ғалымның мерейтойына арналған ғылыми шара бүгін қорытындыланады.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Владимир Михайлович Алпатов
Шығыстанушы, лингвист, филология ғылымдарының докторы