Жаңалықтар

Академия басшысы Әзербайжан агенттігіне сұхбат берді

1234

Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі Әзербайжанның «Азери-Пресс агенттігіне (АПА)» сұхбат берді.


Әзербайжан аумағынан тыс, халықаралық алаңда да беделді саналатын агенттік журналисі Джавид Исмаилмен болған сұхбатта Академияның қызметі мен миссиясы жөнінде кеңінен әңгімеленді. Бұдан бөлек, TWESCO-ның халықаралық ұйымдармен байланысы, бүгінге дейін атқарылған және болашаққа жоспарланған іргелі жобалар, археологиялық экспедициялар мен жуырда Түркістанда өткен Түркі әлемі журналистерінің халықаралық форумында айтылған тақырыптар да қамтылды.

Айта кету керек, 2004 жылы құрылған АПА агенттігі бүгінде 5 тілде хабар таратады. АҚШ, Түркия, Франция, Румыния, Ресей, Грузия сынды бірқатар елдерде тілшілер қосыны жұмыс істейді. 


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Александр Васильевич Адрианов
Түрколог-жаратылыстанушы, тарихшы-археолог,физика-математика ғылымдарының кандидаты