Жаңалықтар

TWESCO басшысы «Манас» университетінің ректорын қабылдады

2542

Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі Астанада «Манас» қырғыз-түрік университетінің ректоры Сeбахаттин Балжы мен проректоры Анварбек Мокеевті қабылдады.

Кездесуде Д.Қыдырәлі Академияның ғылыми жобалары жөнінде әңгімелеп, халықаралық іс-шаралар ретімен таныстырды. Университет ректоры да оқу ордасындағы соңғы жаңалықтардан хабардар етіп, келешек жоспарларымен бөлісті.

Тараптар келешекте бірлескен ғылыми жобалар жүргізуге алдын-ала уағдаласып тарасты.

Айта кету керек, 1997-1998 оқу жылында ашылған «Манас» қырғыз-түрік университеті TWESCO-мен ынтымақтастық жөніндегі меморандум бекіткен серіктес ұйым. Қырғызстан астанасы Бішкекте орналасқан университетте бүгінде 5 мыңнан астам студент білім алуда. 


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Рашид Абдуллович Аганин
Түркітанушы-лингвист, филология ғылымдарының кандидаты.