Жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан басшылары телефон арқылы сөйлесті

2414

Бүгін Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін, сондай-ақ екі елдің Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылын талқылады.

Мемлекеттер басшылары күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Сондай-ақ, тараптар алдағы кездесулер кестесін қарастырды.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы