Жаңалықтар

Академия басшысы Түркия телерадиокорпорациясының Астана өкілін қабылдады

2125

Түркі академиясы халықаралық ұйымының басшысы (TWESCO) Дархан Қыдырәлі Түркия мемлекеттік телерадиокорпорациясының (TRT) жаңа тағайындалған өкілі Абдулхамит Авшар бастаған делегацияны қабылдады.

Академия басшысы түркиялық тілшілерді ұйымның мақсат-миссиясымен таныстырып, атқарған және келешек жобалар жөнінде хабардар етті. TWESCO орнатқан халықаралық байланыстар жөнінде әңгімеледі. 

Сонымен қатар, Д.Қыдырәлі түркі халықтарын бір-біріне танытып, жақындастыруда баспасөз өкілдері қызметінің маңызына айрықша тоқталды. Академияның соңғы үш жылда 100-ден астам кітап жариялағанын атап өтіп, тұрақты жарияланатын ғылыми басылымдар туралы да баяндап берді.

Кездесу соңында қонақтар Түркі кітапханасы қорымен танысып, Түркі музейін аралап көрді.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Александр Васильевич Адрианов
Түрколог-жаратылыстанушы, тарихшы-археолог,физика-математика ғылымдарының кандидаты