Жаңалықтар

Академия басшысы Оңтүстік Қазақстан облысына сіңірген еңбегі үшін медальмен марапатталды

1531

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі Түркістан қаласында «Оңтүстік Қазақстан облысына сіңірген еңбегі үшін» арнайы медалімен және Алғыс хатпен марапатталды.

Түркі халықтарының ортақ тарих, мәдениет, білім, өнер мен ұлттық құндылықтарын насихаттап, түбі бір туыс елдердің рухани байлығын молайтуға қосқан елеулі үлесі үшін тағайындалған марапатты Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев тапсырды.

Марапаттау салтанаты TWESCO мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі бірлесіп ұйымдастырған «Түркі әлемі және ақпараттық кеңістік» атты алғашқы Халықаралық журналистер форумы аясында өтті.

Айта кету керек, алқалы жиынға халықаралық ұйым басшылары, Әзербайжан, Бельгия, Башқұртстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан мен Түркиядан келген және қазақстандық беделді бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері мен танымал журналистер, сонымен бірге мәдениет және қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Александр Васильевич Адрианов
Түрколог-жаратылыстанушы, тарихшы-археолог,физика-математика ғылымдарының кандидаты