Жаңалықтар

Академия басшысы Халықаралық ұйым мүшесі болды

766

Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі Бейбітшілік пен тұрақты даму халықаралық қорының шешімімен Қара теңіз – Каспий теңізі халықаралық ынтымақтастық және серіктестік қорының толық құқылы мүшесі болып сайланды.

Қара теңіз – Каспий теңізі халықаралық ынтымақтастық және серіктестік қоры (ҚКХЫСҚ) 2009 жылдың 4-ші наурызында Әзербайжан, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Румыния, Түркия мен Украинаның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен беделді ұйымдарының бастамасымен құрылған үкіметтік емес коммерциялық емес ұйым саналады. 2011-2015 жылдары Қордың қатысу аймағы едәуір кеңейіп, бүгінде коммерциялық емес ұйымның құрамында 35-ке жуық мемлекеттің мүшелері бар. 

Айта кету керек, ҚКХЫСҰ Қара теңіз бен Каспий теңізі аймағындағы бейбітшілік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған демократиялық процесстер, экономикалық даму, экология, ғылым, білім беру, мәдениет пен технологиялар салаларында бірлескен жобалар жүргізуді көздейді. 



Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Саул Менделевич Абрамзон
учёный-этнограф, тюрколог, кандидат исторических наук