Жаңалықтар

Бес томдық «Түркі әлемі» еңбегі жарияланды

541

Әзербайжан Республикасы Милли Мәжілісінің депутаты, философия ғылымдарының докторы Жаваншир Фейзиевтің «Түркі әлемі» атты бес томдық еңбегі жарияланды. Ж.Фейзиев өз еңбегінде түркі әлемінің қазіргі реалиялары мен «түркі жұртшылығының» бөліну, қосылу жайттарына байланысты жан-жақты мәлімет береді.

Жинақтың бірінші томында түркі өркениетінің тарихи даму барысы мен негізгі құндылықтары, түркі тілдері семьясы, жалпытүркілік тарих пен мәдениет, саясат мен дипломатия, түркілердің еркін өмір салты, әдет-ғұрыптары, әмбебап-мультикультуралист көзқарасы, қазіргі заманғы жағдайы;

Екінші томда түркі этногеографиясы, көне түркі халықтары мен тайпалары, қазіргі түркі халықтары, түркі диспоралары, ұйымдасу мәселелері, жалпытүркілік ұйымдар мен олардың интеграция үрдісіндегі рөлі;

Үшінші томда түркілердің мемлекетшілік тарихы мен генеологиясы, көне түркі мемлекеттері мен империялары, қазіргі тәуелсіз түркі республикалары мен олардың өзара байланыстары, басқа мемлекеттер құрамындағы автономды түркі республикалары мен аймақтары;

Төртінші томда түркітанудың қазіргі мәселелері, түрікшілдік идеологиясы, түрікшілдікті бұрмалаған тәсілдер мен теориялардың сыни тұрғыдан сарапталуы, қазіргі түркі әлемінің даму әлеуеттері мен перспективалары туралы нақты мәліметтер;

Бесінші томда түркі әлемінің алдыңғы қатарлы тұлғалары мен олардың мемлекет, саясат, ғылым, мәдениет және әдебиет салаларындағы қызметтері туралы мәлімет береді.

Автордың 2013 жылы жарияланған «Түркі мемлекеттері бірлігі: жаһандық интеграцияның Еуразия үлгісі» атты кітабы түрік, қазақ, қырғыз, орыс және босния тілдерінде жарық көрді.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Ахмет Биржан Ержиласун
Шығыстанушы 
Түркітанушы