Жаңалықтар

Қазақстан Конституция күнін атап өтуде

783

30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күні. 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдум негізінде қабылданған бұл құжат, сол жылдың 5 қыркүйегінде күшіне енген болатын.

         Қазақстан Республикасының Конституциясы 9 тарау, 98 баптан тұрады. Құжаттың 1 бап, 1 тармағында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары»,-деп көрсетілген. ҚР Конституциясы бірінші кезекте адамды, адам өмірі мен бостандықтарына, құқына назар аударып отыр.

1995 жылы қабылданған Конституция Қазақстан тарихындағы осындай бесінші құжат. Қазақстан конституцияларының үшеуі КСРО құрамында болған жылдары, атап айтқанда 1926, 1937, 1978 жылдары қабылданса, бір құжат 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған. Алайда, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы конституциясы елдің демократиялық ұстанымдарына үйлеспегендіктен, 1995 жылы жалпыхалықтық референдум арқылы жаңа Конституция қабылданды.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Владимир Михайлович Алпатов
Шығыстанушы, лингвист, филология ғылымдарының докторы