Жаңалықтар

Академияға Түркі кеңесінің бас хатшысы келді

953

Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі Түркі кеңесінің бас хатшысы Рамиль Гасановпен кездесті.

Д.Қыдырәлі Академияға арнайы келген мейманға ұйымның соңғы жобалары мен келешек жоспарлары жөнінде әңгімелеп берді. Сонымен бірге, Түркі кітапханасы мен жуырда ашылған Түркология музейімен таныстырды.


Өз кезегінде Рамиль Гасанов TWESCO жұмысына сәттілік тілеп, Түркі кеңесі тарапынан Академия бастамаларына ұдайы қолдау көрсететінін білдірді.

Кездесу соңында Д.Қыдырәлі Р.Гасановқа Академияның соңғы басып шығарған кітаптарын тарту етті.



Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Рашид Абдуллович Аганин
Түркітанушы-лингвист, филология ғылымдарының кандидаты.