Жаңалықтар

Түркі академиясына SESRIC Бас директоры келді

1459

Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы аясында жұмыс жасайтын Мұсылман елдерінің статистикалық, экономикалық және әлеуметтік зерттеу және білім орталығының (SESRIC) Бас директоры Мұса Кұлаклыкая мырзаны қабылдады. 

Екіжақты кездесуде Академия басшысы құрметті қонаққа TWESCO-ның халықаралық байланыстары мен іргелі жобалары жөнінде мағлұмат берді.


Сонымен бірге, тараптар бірлескен жобалар жүргізу мүмкіндіктерін сөз етіп, болашақ жоспарларымен бөлісті. 

Академияның қызметіне зор қызығушылық танытып, Түркі кітапханасы қоры мен Түркі музейі экспонаттарымен танысқан Мұса Кұлаклыкая мырза үйымның алдағы жобаларына табыс тіледі. 


Кездесу соңында Академияның арнайы тілек кітабына жылы лебіздерін жазып қалдырды. 


Айта кету керек, TWESCO мен 1978 жылы құрылған SESRIC ынтымақтастық туралы меморандумқа қол қойған серіктес ұйымдар. 2016 жылы Анкарада бекітілген меморандум жекелеген салаларда ортақ ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы