Жаңалықтар

Академия Моңғолиядағы қазба жұмыстарын жалғастыруда

1736

Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) Моңғолия Ұлттық Ғылым академиясы жанындағы Тарих, археология институтымен бірлесіп Моңғолиядағы көне түркілердің «Шивээт улаан» ғұрыптық кешенінде археологиялық қазба жұмыстарын жалғастыра бастады.

«Шивээт улаан» кешеніндегі қазба жұмыстарын Академия былтыр жазда бастаған еді. 2 айға созылған сол қазба жұмыстары кезінде кешеннің құрылымы, іргетасы, іргетасының пішіні мен көлемі анықталып, бірнеше түркі мүсіндері табылғанынан хабардар еткенбіз. Зерттеулер нәтижесі бойынша Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей және Түркия ғалымдарының қатысуымен 2016 жылдың тамызында «Тәңіртаудан Өтүкенге дейін: Ұлы дала көшпенділерінің тарихи-мәдени қазыналары» атты халықаралық экспедиция ұйымдастырылған болатын.


Биыл да Академия ғалымдары Н.Базылхан мен Н.Бөгенбай, моңғолиялық тарихшы-археологтар А.Энхтур және С.Далантай бастаған топ кешенді ғылыми тұрғыдан зерделеу мақсатында шілде айының соңына дейін қазба жұмыстарын жүргізеді.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Саул Менделевич Абрамзон
учёный-этнограф, тюрколог, кандидат исторических наук