Жаңалықтар

Академия президенті National Digital History порталына сұхбат берді

703

TWESCO басшысы Дархан Қыдырәлі қазақстандық National Digital History порталына сұхбат беріп, халықаралық ұйымның атқарып жатқан жұмыстары туралы айтты. Академия президенті түркология, алтаистика салалары, Моңғолиядағы түркі дәуір ескерткіштері жайлы тың деректерімен бөлісті.

          

TWESCO басшысы өз сұхбатында ұйымның Моңғолия ғалымдарымен бірлесіп аталған елде жүргізіп жатқан археологиялық қазба жұмыстарының барысы туралы әңгімілеп берді. Атап айтқанда, Моңғолиядағы «Шивээт Улаан» ғұрыптық кешенінің көне түркілердің өмірінде алған орны, мұндай орындардың түркология саласындағы зерттеулерде қандай маңызға ие болатындығы туралы айтты. Сонымен қатар, Моңғолияның Кентей аймағы, Керулен өзебі алқабында жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстары жөнінде баяндады. Дархан Қуандықұлы өз сөзінде: «Расында да бұған дейін «көне түркілердің Тәңірлік сенімінде ғибадатхана болмаған, ендеше ол дін деңгейіне көтеріле алмаған»,-дейтін түсінік орныққан-ды. Біз діндер тарихын батыста қалыптасқан ғылыми нормалар арқылы танып келгенбіз. Бәлкім, дін үшін ғибадатхана маңызды емес те шығар. Бабалардың танымы соған негізделген болса ше?! Дін мен діндер тарихы туралы түрлі анықтама беруге болады. Бірақ, көне түркінің ғұрыптық кешендері қазіргі классикалық теориялар негізінде де діндер тарихын қайта қарауға мәжбүрлейді.Тәңірлік танымның классикалық үлгідегі дін екендігіне заттай айғақтар ұсынып отыр»,-дей келе ғұрыптық кешендердегі қазба жұмыстарынан мол үміт күтетіндігін атап өтті.


Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқуға болады.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Ахмет Биржан Ержиласун
Шығыстанушы 
Түркітанушы