Жаңалықтар

Түркия Ғылым академиясы ғалымдарға жүлде тағайындайды

710

Түркия Ғылым Академиясы (TÜBA) 2015 жылдан бастап көрнекті ғалымдарды ынталандыру және бағалау мақсатымен тағайындалған TÜBA академиялық жүлделерінің 2017 жылғы номинацияларына өтінімдер қабылдауда.

TÜBA академиялық жүлделері ерекше, жоғарғы деңгейде және өз саласында жаңалық ашқан ғалымдардың жұмыстарына тағайындалады. TÜBA жүлделері жыл сайын ғалымдарға келесі санаттар бойынша беріледі:

1) негізгі және инженерлік ғылымдар,

2) денсаулық сақтау және жаратылыстану ғылымдары,

3) әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар.

Әр сала бойынша бір жеңімпаз таңдалады. Айта кетерлігі, жүлделер Түркияда оқитын я жұмыс істейтін немесе сол ел туралы зерттеу жүргізетін ғалымдарға беріледі.

Жеңімпаздарды TÜBA мүшелері анықтайды. TÜBA мүшелері байқауға номинант ретінде ұсыныла алмайды.

Жеңімпаз деп танылған ғалымдарға арнайы марапаттау рәсімінде Академия медалі және 30 000 АҚШ долларынан табысталады.

Қосымша ақпаратты келесі сілтемеден өтіп алуға болады:

http://www.TÜBA.gov.tr/content/TÜBA-academy-prizes/id/1468/pid/155/mid/243mid /243/

Академия жүлдесіне үміткерлердің өтінімдері 2017 жылдың 14-ші шілдесіне дейін қабылданады және лауреаттар қазан айының соңына қарай жарияланады. Марапаттау рәсімі Түркия Республикасы президентінің қолдауымен өтеді.

 

Байқауға қатысқысы келетін ғалымдар өз өтінімдерін academy.prizes@TÜBA.gov.tr почтасына жолдауы тиіс.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы