Жаңалықтар

Түркі академиясы америкалық танымал түркітанушыны марапаттады

1897

Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) Астанада Түркі әлемі ғылымына сіңірген ерен еңбегі мен бауырлас халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін танымал ғалым Тимур Кожаоглуну TWESCO күміс медалімен марапаттады.

Академия кітапханасында өткен салтанатты рәсімге 26-шы мамырда өтетін «Ұлы дала» ІІ гуманитарлық ғылымдар форумына қатысуға келген қоғам қайраткерлері, зерделі зерттеуші ғалымдармен бірге зиялы қауым өкілдері және журналистер қатысты.

Medal tagu marapattau-1.JPG

Марапатты тапсырған Академия басшысы Дархан Қыдырәлі өз сөзінде TWESCO жүзеге асырған көптеген ғылыми жобаларға белсенді атсалысып жүрген көрнекті ғалымға алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

DSC_8436.JPG

Айта кету керек, 1947 жылы Ыстамбұлда туған Т.Кожаоглу Бұқара Халық Республикасының басшысы Усман Қожаевтың ұлы. Көптеген түркі тілдерінде дәріс оқитын ұлағатты ұстаз бүгінде Мичиган университетінің Еуразия, Ресей және Еуропа ғылыми зерттеулер орталығының директор орынбасары болып қызмет атқарады. Кеңес одағындағы мұсылман халықтар мен Орталық Азия елдерінің тілдері, әдебиеті мен мәдениеті жөнінде жазылған іргелі еңбектердің авторы.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Саул Менделевич Абрамзон
учёный-этнограф, тюрколог, кандидат исторических наук