Жаңалықтар

9 тілге аударылған Мағжан өлеңдерінің таныстырылымы өтті

1832

Бүгін Астана қаласындағы «Көрме» залында «Eurasian Book Fair» атты ІІІ халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі ашылды

18 елден 100-ден астам баспа компаниялары қатысқан айтулы көрме аясында баспа өнімдері саудаланумен қатар, отандық және шетелдік танымал ақын-жазушылармен кездесулер ұйымдастырылып, жаңа кітаптардың тұсаукесер рәсімдері өтті.

Осындай тұсаукесер шараларының бірін Халықаралық Түркі академиясы да жүзеге асырды. Алыс-жақын шетелдерден келген қонақтардың қатысуымен Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына орай Мағжан өлеңдерінің 9 тілге аударылған жаңа жинағының тұсауы кесілді.

Тұсаукесер рәсімін Халықаралық Түркі академиясының президенті Д.Қыдырәлі ашып, жүргізіп отырды.


Мағжан өлеңдерін 9 тілге аударып, оны кітап етіп бастырып шығару бұрын-соңды болмаған әдеби құбылыс,-- деді Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет.- Ең алғаш рет отты ақын өлеңдерімен түрік оқырмандары танысып еді. Енді ұлы Мағжанның ғажайып жырлары әлем оқырмандарына жол тартып отыр. Осынау игі шараны жүзеге асырған Халықаралық Түркі академиясына барша қаламгерлер атынан шексіз алғыс айтамын!

Аса тебіреністі өткен тұсаукесер шарасында Академия қабырғасында еңбек ететін аудармашылар Мағжан өлеңдерін өздері тәржімалаған тілдерде оқып, жиналғандардың ризашылығына бөленді.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Владимир Михайлович Алпатов
Шығыстанушы, лингвист, филология ғылымдарының докторы